Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстандағы кәсіпкерлер мен волонтерлер қандай жұмыстар жасап жатыр

2020 жылдың 19 наурыз 2020 17:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгіннен бастап коронавирусқа байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин енгізілді. Вирус тарамауы үшін жергілікті әкімдіктер жабылатын орындарды белгілеп, қалаларға кіріп-шығу мәселесін пысықтады. Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев блок-посттардан кімдер кедергісіз өте алатынын түсіндірді. Осы орайда «ҚазАқпарат» агенттігі еліміз қауіпті инфекцияға байланысты сынақтан өтіп жатқан кезеңінде көмегін аямаған кәсіпкерлер мен волонтерлердің әрекетіне шолу ұсынады.

Қызылорда облысындағы игі шаралар

Коронавирус (COVID-19) туралы ақпаратты аудан халқының бірі білсе бірі білмейді және алдын-алу шараларын қабылдауға ақпараттың аздығы өз әсерін тигізері сөзсіз. Осы мақстатта аудандық Жастар ресурстық орталығы және Сырдария аграрлы-техникалық колледжі жанынан құрылған еріктілер комитеті мүшелері Коронавирустың алдын алу және белгілері бойынша ақпараттық-танымдық материалдарды тұрғындарға таратып, халық көп шоғырланатын орындар, аялдамалар мен қоғамдық көліктерге жадынамалар орналдастырды.

Бұл игі шараның мақсаты - дүниежүзіне қауіп төңдіріп отырған қауіпті аурудың алдын алу бойынша тұрғындарды ақпараттандыру. Қоғамға қауіпті індетпен күресуге аудан жұртшылығы дайын болуы қажет.

Мұнымен қоса, коронавирустың Шиелі аумағына таралуына жол бермеу жөнінде тиісті шаралар ұйымдастырылды.

Бұл ретте еріктілер тобының қатысуымен арнайы әзірленген жадынамаларды халық көп шоғырланатын орындарда, орталық сапаржайда, базарда, «Береке», «Бота» сауда үйлерінің ақпараттық тақтасына жапсырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бейнеуде волонтер жастар ерледі...

«Мемлекет басшысы елімізде коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін ел аумағында 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай жариялаған болатын. Қазіргі таңда ауданымызда дәріханаларда масканың жетіспеушілігі туындап отыр. Аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған ерікті жастар ауданымыздағы тігін шеберханаларымен бірге маска тігу жұмыстарын бастап кетті», - деп жазылған Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазіргі таңда 14 тігін шеберханаларымен келіссөздер жүргізіліп, күніне екі мың дана маска тігу жұмыстар жалғасуда. Тігілген маскалар дәріханаларға тапсырылады.

Сонымен қатар, аудандық жастар ресурстық орталығы жанындағы ерікті жастар орталықта тіккен бетперделерін халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарына тегін таратты.

Өскемен жастары қарттарға дәрі-дәрмек жеткізеді

Өскемен қаласында коронавирустың алдын алу мақсатында еріктілердің бастамасымен қарттарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу қызметі құрылды.

Көмек көрсету сұрақтары бойынша +7-747-202-13-26, 25-01-90 телефондарына хабарласуға болады.

Бұл қызметтер «Nur Otan» партиясы Өскемен филиалы мен қалалық волонтерлер орталығында орналасқан.

Елордалық кәсіпкер тұрғындарға тегін маска таратты

Нұр-Сұлтан қаласындағы кәсіпкер Ернұр Болатұлы жуналистер мен қала тұрғындарына, көше тазалығына жұмылдырылған адамдарға тегін маска таратты.

«Бұл еліміздің, тіпті бүкіл әлемнің басына түскен сынақ. Осындай жағдайда бұл дертпен бүкіл адамзат баласы бірлесіп күресуі тиіс. Өкінішке орай, бір-бірімізге қол үшін бергеннің орнына, қажетті заттардың бағасын көтеріп, маскілерді қымбатқа сатып жатқан кейбір алыпсатарлардың ісі мені қатты ойландырды. Қолымнан келгенше солардың қолындағы маскаларды жинап алып, халыққа тегін таратайын деп шештім. Барлықтарыңызға белгілі, биыл Волонтерлер жылы. Осы орайда барлық кәсіпкерлерді қиын күнде халықпен бірге болуға шақырамын», - дейді Е. Болатұлы.





Жоғары қарай