Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Қазақстандағы құс фабрикаларына қауіп төнді - депутат

2019 жылдың 6 наурыз 2019 19:04

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты Роман Ким елімізде құс шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік жем қорын құруды ұсынды. Осы орайда ол Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде құс шаруашылығын азық жеммен қамтамасыз етуде қауіпті жағдай қалыптасты. Құс жемінің тапшылығы байқалуда және оның бағасының 2018 жылы 45 мыңнан 75 мың теңгеге дейін өсуі теріс ықпал етті», - деді депутат.

Оның сөзіне қарағанда, былтыр құс фабрикаларының көбісі түпкілікті өнімге субсидия түрінде мемлекеттік қолдауды толық көлемде алмағаны жағдайды қиындата түсті. 2018 жылда төленбеген субсидия сомасы үш млрд теңгеден асты. Ал 2019 жылда жұмыртқамен қамтамасыз ететін құс фабрикалары үшін қажетті 12,3 млрд теңгенің тек 5,4 млрд теңгесі төленеді, яғни тапшылық 7 млрд теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар депутат электр энергиясына, қоспа жемге, жабдықтар мен бөлшектерге, дәрумендерге, ветеринарлық препараттарға шығындар артқанын атап өтті.

Р. Кимнің пайымынша, салада орын алған осы жағдай өндіріс көлемінің, жұмыс орындарының қысқаруына алып келуі мүмкін. Бұл тұрғыда инвестициялық жобалар тежеліп, ішкі нарық импортты өніммен толығуы ықтимал. Нәтижесінде, бұған дейін қол жеткізілген жетістіктерді жоғалтып алу қаупі төнеді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, астық компонентінде 600 мың тонна көлеміндегі құс фабрикаларының жартыжылдық қажеттігі бойынша мемлекеттік жем қорын құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Аталған мәселені шешкенше, яғни өндіріс қарқынын сақтау мақсатында 2019 жылдың астығы бастырылғанға дейін жеңілдікті бағамен қордан 300 мың тонна жемдік астықты бөлу сұралды.

Сонымен қатар Р. Ким құс шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік дотацияны сақтау керектігін айтты.

Жоғары қарай