Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық аса ауыр салмақтағы нокаутшы WBC титулынан айқассыз айырылды

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 11:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxingscene.com мәліметінше, қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) WBC International Silver чемпионы титулынан айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Кособуцкий бұл белбеуден «бас тартқан». Енді бұл белбеу үшін кубалық Хосе Лардуэта (7-0, 6 КО) мен сербиялық Душан Велетич (5-0-1, 3 КО) 19 ақпанда Гамбургте күш сынайды. Кособуцкий осы кеште бір класс жоғары титул үшін – дәл осындай, бірақ «Silver» деген атауы жоқ титул үшін француз Жоан Дюопамен (39-6, 26 КО) жекпе-жекке шығады.

Еске салайық, қазақстандық WBC International Silver титулын 20 қарашада доминикандық Алексис Гарсияны (11-1, 7 КО) Гамбургте нокаутқа жібергені үшін иеленген болатын.



Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай