Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық әскерилер танк биатлонының жартылай финалына өтті

2019 жылдың 9 тамыз 2019 11:53

МӘСКЕУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында өтіп жатқан «Танк биатлоны» конкурсының бірінші кезеңі аяқталды. Командалық есепте Қазақстан жартылай финалға шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.




Үшінші қазақстандық танк экипажы өз тобындағы жеке жарыста кедергілерді 22 минут 39 секундта еңсерді. Сайыс нәтижелері бойынша, Қазақстан құрамасының үш экипажының жалпы уақыты 1 сағат 6 минут 42 секундты құрады.




Жарыс қорытындысына сәйкес, Ресей, Қытай, Беларусь, Қазақстан, Моңғолия, Әзербайжан, Венесуэла және Сириядан келген сегіз команда жартылай финалға шықты.




Жартылай финалдағы жеребе нәтижесінде Қазақстан құрамасы Қытай, Әзербайжан және Сирия командаларымен бірге кіші топта сайысқа түседі.




«Эстафетаның» жартылай финалында экипаждар нәтижесі олардың табиғи және жасанды кедергілерден өту, атыс алаңдарында жауынгерлік соққылар жасау уақытына байланысты анықталады.




«Эстафетада» әр елден келген үш танк экипажы бір танктік құрамда жарысқа түседі. Әр экипаж 4 айналымнан өтіп, кедергілерді еңсеріп, нысанаға оқ атады.

Жоғары қарай