Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 405.77
EUR 457.91
RUB 5.77
CNY 57.42

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында «алтын» алды

2020 жылдың 18 ақпан 2020 13:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 89 кг. дейінгі салмақ дәрежесінде 360 кг. (165+195) қоссайыс нәтижесі бойынша Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өзінің Facebook -парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің мәліметі бойынша, осы сында екінші орын Корея Республикасының өкілі Енг Хунге 324 кг (142+182) бұйырды.

Үшінші орынды Өзбекстан өкілі Хакимжон Шамшитдинов 323 кг (144+179) иеленді.


Жоғары қарай