Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық балуан әйелдер рейтингте үздік төрттікке кірді

2020 жылдың 5 сәуір 2020 12:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біріккен күрес әлемі (UWW) әйелдер күресінен наурыз айындағы үздіктер тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық олимпиада комитетінен алынған мәліметке қарағанда, Қазақстаннан үш балуан үздік төрттікке ілікті.

Азия чемпионатының қола жүлдегері Валентина Исламова 50 кг салмақта төртінші орынға көтерілді. Оның есебінде 39 ұпай бар.

Азия чемпионы Жәмила Бақбергенова 72 кг салмақта 36 ұпаймен үздік үштікке кірді.

Сондай-ақ Азия чемпионатының тағы бір қола жүлдегері Эльмира Сыздықова 76 кг салмақта 44 ұпаймен төртінші орыннан көрінді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Токио Олимпиадасының келесі жылы өтетіні белгілі болғанын жазған едік.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай