Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық балуан қыз жастар арасында әлем чемпионы атанды

2021 жылдың 20 тамыз 2021 23:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Нилуфар Раимова Уфада күрес түрлерінен жастар арасында әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті мәлім еткеніндей, қазақстандық балуан қыз 57 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.

Финалда Н.Раимова италиялық Аврора Руссомен белдесті.

Бірінші кезеңде қарсыласы алда тұрды. Дегенмен екінші кезеңде Нилуфар таразы басын өзіне аудара білді. Сөйтіп тартысты кездесуде 8:6 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін осы дүниежүзілік додада Нұрдәулет Қуанышбай 74 келіге дейінгі салмақта күміс, ал Асылжан Есенгелді (57 кг) мен Бекзат Ермекбай (65 кг) қола жүлдеген атанған болатын.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай