Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстандық бишілер World Folk Vision-2020 байқауында екінші орын иеленді

2020 жылдың 3 шілде 2020 02:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері жаһандық «World Folk Vision-2020» ұлттық мәдениеттер фестивалінде 2-ші орын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның өкілдер халықтың даусының және халықаралық кәсіби қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаз ретінде танылды. Академияның шәкірттері байқауда «Әлем халықтарының билері» бағыты бойынша «Аққулар» композиясын таныстырды.

Фестивальге жалпы әлем елдерінен 3950 шығармашылық ұжым мен жеке биші қатысты. Халықаралық іріктеу барысында финалға 60 елдің 100 қатысушысы жетті. Мұндағы сыйлық қатысушыларға Бүкіләлемдік «World Folk Vision» мәдени бастамасы бойынша әлемнің түрлі елдеріндегі мәдени шараларға қатысуға мүмкіндік береді.

World Folk Vision-2020 – мәдениеттің, өнер мен спорттың кәсіпқойлары мен әуесқойларын біріктіретін ірі халықаралық гуманитарлық жоба. Биыл фестиваль БҰҰ Жаһандық келісімінің 20 жылдығы мен Жаһандық Мәдени Бастаманы жүзеге асыру аясында өткізілді. Фестиваль – би әлеміндегі ірі шараның бірі. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты байқау тұңғыш рет онлайн форматта өткізіліп отыр.


Басты сөздер: Мәдениет, Өнер,
Жоғары қарай