Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық  боксшы АҚШ-та  еш жеңіліп көрмеген мексикалықты сүріндірді

2021 жылдың 23 мамыр 2021 15:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Николай Шваб (5-0, 3 КО) кәсіби рингте өзінің алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Медиледегі (АҚШ, Флорида штаты) бокс кешінде өнер көрсетті. Швабтың қарсыласы «Ягуар» атымен танылған мексикалық Карлос Хименес (1-0-1, 0 КО) болды. Жеңіл салмақтағы айқас алты раундқа есептелген. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша Николай Шваб кәсіби мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Карлос Хименес кәсіби карьерасында алғаш рет сүрінді.

Айта кетейік, шваб соңғы рет 2020 жылдың тамыз айында өнер көрсеткен болатын. Ол кезде ол бразилиялық Марсело Уильямсты (0-9) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай