Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізбек

2020 жылдың 28 қыркүйек 2020 08:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (12-0, 8 КО) кезекті жеңісінен кейін алдағы жоспары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Қазан қаласында өткен бокс кешінде IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өткен жекпе-жекте Бобыржан Момынов ресейлік Вагинак Тамразянды (17-8, 5 КО) нокдаунмен жеңген болатын.

«Мені қолдап, сенім білдіргендеріңізге рақмет. Мен өте қуаныштымын. Қарсылас ым тәжірибелі, мықты спортшы. Бізді алда әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек күтіп тұр. Бұған сіздердің қолдауларыңыз арқылы қол жеткіземіз. Командама басымды иемін: спортта барлығы болады, бірақ олар маған қашанда қолдау көрсетті», - деді Бобыржан Момынов.


Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай