Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық боксшы WBO атағы үшін болған жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді

2021 жылдың 11 желтоқсан 2021 22:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өтіп жатқан MTK Kazakhstan бокс кешінде қазақстандық Сұлтан Зәуірбек (11-0, 7 КО) пен британиялық Райан Уилер (16-1-1, 0 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Екінші жартылай салмақтағы кездесуде чемпиондық атақ сарапқа салынған болатын. Ол Сұлтан Зәуірбектің WBO European белдігі еді. Кездесу 10 раундқа есептелгенімен, төртінші раундта Уилер екі рет нокдаунға түсті. Алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді.

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіби бокстағы 12-ші жеңісіне қол жеткізіп, WBO белдігін сәтті қорғап қалды. Ал Уилер кәсіби бокста екінші рет жеңілді.

Бүгін бокс кешінің басты кездесуінде қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен (3-0, 3 КО) британиялық Стивен Уорд (13-1, 4 КО) кездеседі. Олар бос тұрған крузервейттегі WBA Gold чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.


Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Қоғам, Бокс, Спорт,
Жоғары қарай