Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық боксшылар әлемдік рейтингте АҚШ-тағы жеңістерінен кейін жоғары көтерілді

2021 жылдың 23 мамыр 2021 18:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Қазақстандық боксшылар Серік Мұсәділов (9-0, 9 КО) пен Николай Шваб (6-0, 3 КО) Boxrec.com порталының рейтингінде өз позицияларын жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Екеуі де бүгін таңертең Майамиде (АҚШ) айқасты. Мұсәділов бірінші раундта-ақ америкалық Кевин Браунды (2-15, 1 КО) нокаутқа жіберіп, бірінші ауыр салмақтағы рейтингте 219-орынға көтерілді .

Ал Шваб мексикалық боксшы Карлос Хименеспен (1-1-1, 0 КО) жекпе-жекке шықты Алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімінен кейін жеңіс қазақстандыққа берілді. Қазір Шваб BoxRec жеңіл салмағында 843 орында тұр.

Серік Мұсәділов пен Николай Шваб үшін бұлардың 2021 жылғы алғашқы айқастары болғанын айта кеткен жөн.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай