Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық дәрігерлер тегін интернет және байланыспен қамтамасыз етіледі

2020 жылдың 20 наурыз 2020 18:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағында жұмыс істейтін ұялы байланыс операторлары медицина қызметкерлерін тегін байланыспен қамтамасыз етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тағы 6 000 медициналық қызметкердің тегін байланыс пен интернет алатынын хабарлайды. Олардың әрқайсысына Қазақстанның кез келген нөміріне қоңырау шалу үшін 1000 минут және 100 ГБ интернет-трафик беріледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді қосымша қолдау шараларын қабылдауда. Ұялы байланыс операторларының әлеуметтік жауапкершілігі арқасында ел аумағында жұмыс істейтін барлық ұялы байланыс операторлары мобильді байланыс пен интернетті қамтамасыз етеді», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Қазақстанда қазір коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 49 адамға жетті. Алматыда – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2 адам, Нұр-Сұлтанда - 25 адам тіркелген.


Жоғары қарай