Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық деректі фильм үш бірдей беделді халықаралық фестивальге қатысады

2020 жылдың 24 мамыр 2020 22:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Режиссер Бану Рамазанованың «Кедергілерді жеңу» деректі фильмі үш бірдей беделді халықаралық фестивальге қатысады. Бұл жөнінде «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапысырысымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген деректің фильмнің желісі 1952 жылы Жамбыл маңындағы Луговой жылқы зауытында туған Совет заманындағы жылқы спортының аңызы болған «Абсент» ақалтекесі және тәуелсіз Қазақстандағы конкурдың жағдайын баяндайды.

«Кедергілерді жеңу» фильмі менің жүрегімде ерекше орын алады. Менің дебюттік жұмысым болғандықтан ғана емес, бір жыл бойы жұмыс істеген фильмнің арқасында тамаша адамдармен – біздің кейіпкерлерімізбен танысқаным үшін де ыстық. Біз олардың қалай ат таңдағанына, жылқылар ауырған кезде қалай уайымдағанына, төрт жылдан артық өткізілмеген Қазақстандағы Әлем кубогы кезеңіне дайындығына және жетістіктеріне қалай қуанғанына куә болдық» ,- дейді фильмнің режиссері Бану Рамазанова.

Оның айтуынша, біз қазір фильмдегідей, коронавирустың таралуына байланысты кедергілерді жеңіп жатырмыз.

«COVID-19 барлық салада, атап айтқанда киноиндустрияда айтарлықтай кедергілер туғызып отыр. Фильмімізді ұсынған көп фестивальдер пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Бірақ соған қарамастан, біз бұл кедергіден өтіп, фестивальдердің негізгі конкурсына іліндік. Бұл жолы біз бұрынғы өмірімізге жеңімпаз болып ораламыз», - деп қосты фильмнің авторы.

Деректі фильм 2020 жылы 30-31 мамырда Стамбулда өтетін Anatolia International Film Festival халықаралық кинофестивалінің басты байқауына қатысады. Деректі фильм «ең үздік деректі», «үздік музыкалық фильм» және «үздік режиссер» аталымы бойынша үш номинацияда бәйгеге түседі. Жылына екі рет өтетін кинобайқау бағдарламасына қысқа, толықметражды көркем фильмдер мен деректі фильмдер кіреді.

Фильм сонымен қатар 2020 жылғы 1-7 тамыз аралығында Грецияда өтетін 7-ші Иераптера халықаралық деректі фильмдер фестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасында ұсынылады. Ашық аспан астында өтетін фестиваль бүкіл әлемдегі деректі фильмдерге арналған және жас әрі тәуелсіз режиссерлердің жұмысын қолдайтын, өнердің жетекші түрі ретінде осы жанрды насихаттауға арналған. Биылғы көрсетілім ғылыми зерттеулер мен инновацияларға арналады.

23-30 тамыз аралығында «Кедергілерді жеңу» картинасы Docs Without Borders Film Festival кинофестивалінің негізігі конкурсына қатысады. Америкадағы ең ірі деректі фильм кинофестивальдерінің бірі 23-30 тамыз аралығында өтеді.

Басты сөздер: Өнер, Мәдениет,
Жоғары қарай