Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық джиу-джитсу спортшысы Азияның үш дүркін чемпионы атанды

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 17:52

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық спортшы Азияның үш дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 10 қыркүйекте Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан Азия чемпионаты басталған. Чемпионат ертең, 17 қыркүйекте аяқталады.

«Азия чемпионатына атыраулық спортшы Жеңіс Нұрлыбаев 56 келі салмақта бақ сынады.

Ол Үндістан, Тайланд, Өзбекстан елдерінен келген және қазақстандық спортшылармен кездесу өткізді. Қарсыластарының бәрін ұтқан Жеңіс Азия чемпионатының алтын медалін иеленді. Осылайша, ол Азияның үш дүркін чемпионы атанып отыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Атыраулық спортшы Жеңіс Нұрлыбаев бұған дейін 2018, 2019 жылдары құрлықтық чемпионаттың жеңімпазы атанған.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық балуан әлем кубогінің иегері атанғанын хабарлаған едік.
Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Спорт,
Жоғары қарай