Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық дзюдошылар Қытайда өтетін турнирге қатысады

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 12:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12-14 желтоқсан күндері Қытайдың Циндаода қаласында дзюдодан әлемдік «Masters» турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Дзюдо федерациясы хабарлағандай, аталған дода жылдың қорытынды жарысы болмақ.

Қазақ елінің татами шеберлері де қатысатын додаға әлемнің 67 елінен 448 татами шебері қатысады деп жоспарланған.

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, жарыс жеңімпаздарына әлем рейтингінде 1800 ұпай, күміс жүлдегерге – 1260 ұпай, ал қола жүлдегерге – 900 ұпайдан қосылады.

Аталған жарыста ел намысын 9 дзюдошы қорғамақ.

Олар:

Ерлер:

Елдос Сметов (60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)

Елдос Жұмақанов (66 кг)

Ерлан Серікжанов (66 кг)

Жансай Смағұлов (73 кг)

Дидар Хамза (81 кг)

Ислам Бозбаев (90 кг)

Әйелдер:

Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)

Севара Нишанбаева (57 кг)

Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай