Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық экспортерлер Сауда министрлігіне көбінде қандай мәселелермен жүгінеді

2020 жылдың 26 қазан 2020 14:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандық экспортерлер министрлікке көбінесе қандай сұрақтармен жүгінетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз @exportgov телеграмм-чаты арқылы экспортерлермен «тікелей байланысты» жолға қойдық. Тәулік бойы біздің мамандар бизнес өкілдерінен өтінімдерді қабылдап, туындаған мәселелерді барынша тез шешуге тырысады», - деді Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр сонымен қатар экспортерлермен жүргізілген сауалнама барысында олардың көбінесе қандай мәселелермен бетпе-бет келгені анықталған.

«Олар – экспорттық аналитикалық тұрғыда қолдау, экспорттық құжаттаманы даярлау кезінде консалтинг, жеңілдікпен берілетін қаражатты алу мәселелері», - деді ол.

Сауда және интеграция министрі сауалнама нәтижесінде нарықтардың сыртқы талдау блогына көбірек назар аударыла бастағанын жеткізді.

«Осы жылдың 9 айының өзінде 103 кәсіпкерге экспорттық бағыттағы жұмысты енгізуді жақсарту керектігі жөнінде кеңес берілді. Өнімдерін сыртқа шығару бойынша кәсіпорындарға арналып, 14 салалық Экспресс Дайджест дайындалды. Шетелдердегі мекемелерімізбен өзара қарым-қатынас жасаудың үшдеңгейлі моделі ретке келтірілді: елшіліктер Қазақстанның сауда агентіне айналып, контрсеріктестерді іздеу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Сонымен қатар экспортерлерді мемлекеттік тұрғыда қолдаудың монетарлық құралдары белсенді түрде іске қосылды», - деді Бақыт Сұлтанов.


Жоғары қарай