Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық фильм Ресей фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды

2020 жылдың 24 қазан 2020 03:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Жаным, айтсам сенбейсің ғой» фильмі ресейлік «Киношок» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында кинофестивальдің ресми сайтында жарияланды.

1992 жылдан бері Ресейдің Анапа қаласында ұйымдастырылатын жыл сайынғы «Киношок» фестивалінің салтанатты марапаттау рәсімі биыл 17-23 қазан аралығында өткен болатын.

Шараның бас жүлдесі - толық метражды фильмге берілетін «Алтын сабақ» гран-при сыйлығын Ернар Нұрғалиевтің «Жаным, айтсам сенбейсің ғой» фильмі иеленді.

Кинотуынды сонымен қатар Баспасөз дипломын алып, «Үздік сценарий» аталымында көш бойы озып шықты.




Фото: Facebook

Сондай-ақ қазақстандық «Черный, черный человек» фильмінің қоюшы режиссері Әділхан Ержанов фестивальдің «Үздік режиссура» номинациясында жеңіске жетті.

Ал осы фильмнің басты рөлін сомдаған Данияр Алшынов үздік актер атанды.

Айта кетейік, Данияр Алшынов «Жаным, айтсам сенбейсің ғой» фильмінде де басты рөлде ойнаған.



Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Мәдениет, Ресей,
Жоғары қарай