Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық ғалым Шортанды көлі су балансының моделін жасады

2022 жылдың 24 мамыр 2022 12:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бурабай саябағының су ресурстарын сақтау үшін көлдерді басқару стратегиясы қажет. Жас ғалым Маржан Байғалиева Шортанды көлінің су теңгерімінің моделін әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы, Солтүстік Қазақстанның көптеген көлдері эндореялық, яғни ағынсыз су санатына жатады. Мұндай көлдерде су шығыны булану, инфильтрация немесе жасанды су алу есебінен жүзеге асады, демек жерүсті немесе жерасты ағыны болмайды.

Назарбаев университеті ғалымының айтуынша, көлдер қоршаған ортаның өзгеруін, адамдардың араласуын тез сезеді. Соңғы жүзжылдықта Бурабай саябағының көлдеріндегі су көлемі өзгерістерге ұшырады.

«Алайда, Бурабай көлдері жүйесіндегі су көлемінің азаюының қазіргі тенденцияларының себептері зерттелмеген күйінде қалып отыр. Жоба бұл аймақтағы су көлемінің едәуір азаюын антропогендік су қоршауынан туындағанын көрсетеді», - деп атап өтті Маржан Байғалиева.

Ол Шортанды көліне климат пен антропогендік қызметтің әсерін зерттеген.

Сонымен қатар, климаттың болашақ модельдеуі аймақтық климаттың жылы әрі ылғалды болатындығын көрсетеді. Бұл орайда суды басқару стратегиялары осы аймақтағы су ресурстары үшін өте маңызды.


Басты сөздер: Ғылым, Бурабай, Ақмола облысы,
Жоғары қарай