Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық «Голос России» вокалдық байқауының жүлдегері болды

2020 жылдың 15 қараша 2020 12:39

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы музыкалық колледждің екінші курс студенті Диляра Асаинова «Голос России» бүкілресейлік ашық қашықтық вокал байқауында 2 орын алды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, оқытушысы Малика Казмагамбетова өзінің оқушысына дарынның сан қырын ашуға көмектеседі.

« Дилара - талантты әнші және мінезі де жақсы. Бала кезінен көру қабілетінде қиындықтар туындағанына қарамастан, үлкен сахнада өнер көрсетіп, көрерменге әдемі өнер сыйлауды армандайды « , - дейді Малика Казмагамбетова.

Ол дарынды студентінің алдағы уақытта талай белесті бағындырып, Қазақстанды әлемдік деңгейде танытады деп үміттенеді.
« Музыка маған өз ойларым мен сезімімді жеткізуге, ал ерекше халық күйлері эмоциялардың тереңдігін түсінуге үйретті. Әсіресе қобыз аспабында ойнағанды ерекше ұнатамын « , - дейді Диляра.


Жоғары қарай