Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық хирургтар алғаш рет мидың гематомасын трепанациясыз алып тастады

2020 жылдың 24 қараша 2020 20:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда алғаш рет мидың гематомасын трепанациясыз алып тастау операциясы жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірегей операция Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың қантамыр нейрохирургия бөлімінде геморрагиялық типті инсультті емдеуде азинвазивті Artemis(Penumbra) жүйесін қолдана отырып эндоскопиялық жолмен және BrainLab нейронавигациялық жүйенің көмегімен жасалды.

Нейрохирург Қастей Рауан Мейрамұлының айтуынша, мұндай әдіс операция кезінде көп көлемде қан жоғалтуды азайтады.

«Бұл операцияның бірегейлігі бастағы гематоманы күрделі операциясыз, кішкене тесік арқылы алып тастауға болады. Яғни, ауқымды бассүйек трепанациясынсыз жасауға мүмкіндік береді. Бұл аталған отаның түріне көрсеткіштер әр пациентке жеке және қатаң түрде қарастырылады»,– дейді Рауан Қастей.

Сонымен қатар, ол мұндай операциялар Еуропа, АҚШ, Италия және Испания елдерінде жасалатынын тілге тиек етті.

«Аталған операция бізде алғаш рет сонау посткеңістік кезінде жасалған болатын.Бұл әдістің тиімділігін АҚШ-та дәлелденді. Арнайы зерттеулер бар. Бүгінгі күні Алматыда Artemis(Penumbra) жүйесін қолдана отырып эндоскопиялық жолмен және BrainLab нейронавигациялық жүйенің көмегімен екі ота жасалды»,– деп қортындылады №7 қалалық клиникалық аурухананың қантамыр нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Рауан Қастей.














Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Жоғары қарай