Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық конькишілер Бейжіңде жаттығуға кірісті

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 19:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде Қазақстандық конькишілер Олимпиада ойындары алдындағы жаттығуларын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Ұлттық олимпидалық комитеті мәлім еткендей, спортшылар Олимпиадада жарыстар өтетін Ұлттық коньки тебу стадионында жаттығып жатыр.

Олимпиадада конькимен жүгіруден Қазақстан намысын Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Иван Аржаников және Денис Кузин қорғайды.

Ерлер арасында Денис Кузин мен Иван Аржаников екеуі де 1000 метрге жарысудан сынға түседі. Сондай-ақ Аржаников 500 метрге, Дмитрий Морозов 1500 метрі мен масс-старттан өз бақтарын сынап көреді.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Надежда Морозова 1000, 1500, 3000 метрге жүгірумен масс-старттан ел намысын қорғаса, Екатерина Айдова 500, 1000 және 1500 метрде жүгіруден сынға түседі.




Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін шорт-тректен ұлттық құрма мүшелері Олимпиада ойындары алдындағы жаттығуын бастағаны туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды.

Бүгінде олар олимпиадалық қалашықтарға орналасты. Қазақстандықтар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

Ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.

Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.











Жоғары қарай