Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық курорттарда демалып жатқан туристер қандай талаптарды сақтауы керек

2020 жылдың 28 шілде 2020 17:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков қазақстандық курорттарда демалып жатқан туристер қандай талаптарды сақтауы керектігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық курорттарда демалып жатқан барлық туристердің назарына салғым келеді: әлеуметтік қашықтық сақталып, маска тағу керек. Белгіленген карантиндік талаптарды ұстанып, демалыс орындарын шегінен шықпаған абзал. Топтаспау шараларын қатаң сақтаған дұрыс. Егер бизнес пен азаматтар барлық санитарлық норма мен талаптарды сақтаса, еліміз карантиннен тез шығып, осы қиын сәттерде барлығына төтеп бере алады», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дастан Рысбеков Алакөл мен Бурабайға демалуға баратын отбасының кем дегенде бір мүшесінде ПТР-тест анықтамасы болуы керектігін еске салған еді.

Оның айтуынша, Қазақстандағы барлық курорттық орындарда осы жылдың жазғы туристік маусымының соңына дейін бос орындар қалмаған.


Жоғары қарай