Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық режиссер діни радикализмге қатысты пікір білдірді

2021 жылдың 19 қыркүйек 2021 19:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйгілі қазақстандық режиссер Әли Шер Сүлеймен діни радикализммен күресу жайлы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әли Шер Сүлейменнің айтуынша, діни радикализмнен халқымызды қорғайтын қанымыздағы алмас қылыш бар – ол біздің ұлттық дәстүр-салтымыз.

«Ғасырлар бойы шыңдалып, халқымыздыің санасына сіңген дәстүр-салтымыздың қуаты - ол, кішінің үлкенге, ағаның ініге, баланың ата-анаға, ер адамның әйелге деген қатынасында, мейірімділік, сабырлық, кішіпейілділік, ұстамдылық, ынсап деген имандылықтың түп тамырын құрайтын ұғымдарда жатыр. Егер салт-дәстүрімізді қастерлесек, тәрбиенің қылыш-қалқаны осы» - деді режиссер ұхбаттының бірінде.

Ол діни ағартуды дамыту керек деген пікірде.

«Қалай, қашан келген дін, қай дін? Дін тарихы, діни ағарту пәндері арқылы мектептен бастап санаға құйған артық болмас. Жастарымызға менің ойымша сонда ғана дінді еркін түсінуге, жете түсінуге саналы жол ашылады», - деді Әли Шер Сүлеймен.

Фото/ Turkystan газеті


Жоғары қарай