Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық режиссердің фильмі Таяу Шығыста топ жарды

2020 жылдың 24 қараша 2020 02:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Катарда қазақстандық Алина Мұстафинаның деректі фильмі Ajyal Film Festival жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы кинофестивальдің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.

А. Мұстафинаның «Андер» фильмі фестивальдің «Үздік деректі фильм» аталымында жеңіске жетті. Онда өз ұлының аллергиясы туралы баяндалады.

«Менің үлкен ұлымның сүт өнімдеріне аллергиясы бар. Дәлірек айтқанда, казеин мен сүт өнімдеріне, тіпті иісіне төзе алмайды. Тіпті бір тамшысынан анафилаксиялық шок басталады. Үнемі өзімізбен адреналин инесін алып жүреміз, оны құтқаруға бірнеше минутымыз ғана болады. Жабық ғимараттағы ірімшік, бөлмедегі пицца, кофеханадағы сүт – барлығы казеин бөледі және ұлымның өміріне қауіп төндіреді. Осы мәселелер туралы қысқаметражды деректі фильм түсірдік», - деп жазды А. Мұстафина.


«Андер» фильмі Канндағы тәуелсіз кинофестивальде қазылар алқасының арнайы мүсіншесін алды және Лондон қаласында көрсетілді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Мәдениет, Өнер,
Жоғары қарай