Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық Сергей Морозов UFC турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

2021 жылдың 18 шілде 2021 09:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-5) UFC алаңындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.

Ол бүгін таңертең Американың Лас Вегас қаласында өткен аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 26 турнирінде неміс спортшысы Халид Тахамен (13-3-1) кездесу өткізді.

Аса жеңіл салмақтағы айқас үш раундқа есептелген болатын. Ол Морозовтың жеңісімен аяқталды.

Әділқазы 30-27, 30-27, 30-27 есебімен қазақстандық файтерді бірауыздан жеңімпаз деп тапты.

Осылайша Сергей Морозов өзінің кәсіби спорт жолындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізіп, UFC алаңында алғаш рет қарсыласынан басым түсті.

Бұған дейін ол биылғы қаңтар айында UFC турнирінде атақты Хабиб Нурмагомедовтің інісі ресейлік Омар Нурмагомедовпен (13-0) жекпе-жекке шығып, жеңіліп қалған болатын.

Нурмагомедов Морозовты екінші раундта қылғындыру әдісімен жеңді.

Ал Сергейдің қарсыласы Халид Таха осымен төртінші мәрте ұтылып отыр.


Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай