Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық шахматшы әлемнің вице-чемпионын жеңіп, үздік нәтиже көрсетті

2021 жылдың 20 шілде 2021 17:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық гроссмейтер, шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ринат Жұмабаев АҚШ спортшысы, әлемнің вице-чемпионы Фабиано Каруанадан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат еліміздің Шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шахмат федерациясының мәліметінше, бүгінде Сочи қаласында шахматтан ФИДЕ әлем кубогы өтіп жатыр. Аталған бәсекеде халықаралық гроссмейтер, шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ринат Жұмабаев қарсыласын жеңді. Ол АҚШ шахматшысы әлемнің вице-чемпионы Фабиано Каруанадан басым түсті.

«Қазақстандық шахматшыға 3 раундтың екінші кезеңінде жеңіске жету оңайға соқпады, өйткені ол қара түсте ойнады. Алайда ойын барысында фигуралардың стандартты емес қатынасы бар позиция пайда болып, жерлесімізге қарсыласынан басым түсудің сәті түсті. 3 раундтың бірінші кезеңінде қазақстандық шахматшы қарсыласымен теңдей түсті, осылайша Ринат 1.5: 0.5 есебімен турнирдегі басты фавориттердің бірін жеңіп, әлем кубогының келесі кезеңіне жолдама алды», - делінген хабарламада.




Жерлесіміздің әлем кубогындағы келесі қарсыласы бүгін АҚШ гроссмейстері Сэм Шенкленд пен украиндық Александр Арещенко арасындағы тай-брек матчының қорытындысынан кейін белгілі болады.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай