Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық шахматшылар АҚШ командасына қарсы онлайн-матч өткізеді

2020 жылдың 14 тамыз 2020 10:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 тамыз күні Қазақстан командасының АҚШ командасына қарсы халықаралық онлайн-матчы болып өтеді, бұл шара «Nations League 2020» (Ұлттар лигасы 2020) онлайн-жарысының аясында өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан шахмат федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның шахмат федерациясы елдің барлық шахматшыларын – әуесқойлар мен кәсіби ойыншыларды «Kazakhstan Chess» клубының құрамында ойын ойнап, республика намысыннн қорғауға шақырады.

АҚШ командасына қарсы матч 15 тамызда өтеді. Ойынның басталуы: 1) Блиц - Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 22:00-де. Уақытты бақылау: 3 мин + 2 сек.

Қатысуға ниет білдіргендер онлайн матч ұйымдастырылатын ресурста «Жарыстар» батырмасын басып, «USA — Kazakhstan» турнирін өздігінен таңдай алады.

2) Рапид – Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:42-де. Уақытты бақылау: 15 мин. + 2 сек.

Қатысушылар сілтеме бойынша «USA — Kazakhstan» жарысын өздігінен таңдай алады.

Nations League 2020 жарысына қатысу үшін Chess.com платформасында «Kazakhstan Chess» клубына кіру туралы өтінім беру керек. Әрбір матчқа бөлек қосылу қажет. Ойынға қосылу сағат бұрын басталады.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай