Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстандық спортшы Ыстықкөлді жүзіп кесіп өтті

2020 жылдың 6 тамыз 2020 12:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токио-2020 Олимпиада ойындарының ашық суда жүзуден лицензиясының иегері қазақстандық жүзгіш Виталий Худяков ең бірінші болып Ыстықкөлді жүзіп өтті. Бұл жаңалықпен спортшы Facebook-тегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Виталий Худяков Ыстықкөлді Шолпан-Атадан Қажы-Сай жағажайына дейінгі аралықта жүзіп өтті. 56 шақырымға созылған бағдарды жүзіп өтуге 13 сағаттан астам уақыт кетті. Бұған дейін ешкім бұлай жүзіп өтпеген болатын. Спортшы 5 тамыз күні таңғы сағат 5-15-те жүзуді бастап, 18-30-да жүзіп өткен еді», - делінген спортшының парашасындағы жазбада.

Виталий Худяков – ашық суда жүзуден Азияның төрт дүркін чемпионы, Жағажайдағы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, әлем чемпионаттарында үздіктер «ондығынан» орын алған. Виталийдің жаттықтырушылары – Евгений Худяков пен Бекен Тасбаев.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Спорт, Қырғызстан,
Жоғары қарай