Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 376.16
EUR 406.18
RUB 5.90
CNY 53.60

Қазақстандық спортшылар стенд атудан Гран-при турнирінде үш медаль алды

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 08:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10-18 қаңтар аралығында Кувейтте нысана көздеу және стенд атудан Гран-при турнирі өтуде. Аталған сында қазақстандық мергендер сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Стенд атудан «скит» бағдарламасында Қазақстан командасының мүшесі Александр Мухамедиев алтын жүлдегер атанды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Александр Ещенко төртінші орыннан көрінген.

«Скит» бағдарламасынан әйелдер арасында өткен сында Әсем Орынбай күміс жүлде иеленсе, Анастасия Молчанова қолаға қол созды.

Ал финалда сынға түскен тағы бір отандық мерген Зоя Кравченко алтыншы орында.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай