Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық таэвондошылар Таллинде өткен халықаралық турнирден 3 медаль жеңіп алды

2021 жылдың 30 тамыз 2021 17:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық таеквондошылар Эстонияда халықаралық турнирден үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеем жасап.

Эстонияның Таллин қаласында таеквондодан «Tallinn Open» халықаралық турнирі өтті.

28-29 тамыз күндері өткен G-1 санатындағы додаға 250-дан астам спортшы қатысты.

Аталған бәсекеде 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде нұрлан Мырзабаев күміс медальға ие болды. Ал 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Смайыл Дүйсебай қола жүлдегер атанса, 68 келіде сынға түскен Ерасыл Арапбай екінші қоланы ел қоржынына салды.


Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай