Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық теннисші Чехиядағы турнирдің финалына шықты

2021 жылдың 18 маусым 2021 00:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Чехияда өтіп жатқан Простеёв челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Доданың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші португалиялық Гонсалу Оливейрамен бірге алдымен чехиялықтар Эндрю Паулсон – Патрик Риклді 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Қазақстандық-португалиялық жұп ширек финалда аргентиналықтар Федерико Кориа – Факундо Менаны 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Жартылай финалда қарсыластары, боливиялықтар Уго Дельен мен Федерико Себальос жарысқа шықпағандықтан, А.Недовесов пен Г.Оливейра финалға ойнамастан өтті. Енді олар соңғы бәсекеде чехиялықтар Зденек Колар – Роман Жебавымен бас жүлдені сарапқа салады.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық Денис Евсеев өзбекстандық Денис Истоминмен бірге жұптық сында Алматы челленджер турнирінің жартылай финалына өтті. Қос Денис финалға шығу үшін украиналықтар Владислав Манафов – Виталий Сачкомен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зара Дәркеннің Украинадағы турнирдің жартылай финалына шыққанын, Елена Рыбакинаның Берлин жарысының ширек финалына өте алмағанын жазған болатынбыз.




Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай