Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Қазақстандық теннисші қыз АҚШ-тағы турнирде финалға шықты

2019 жылдың 19 қазан 2019 22:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-та өтіп жатқан Oracle Pro Series турнирінде жұптық сайыста финалға шықты, деп хабарлайды sports.kz.

Анна ақтық сында сербиялық Владица Бабичпен бірге жұп құрап бақ таластырады. Олар жартылай финалда Эмили Эпплтон (Ұлыбритания) мен Жаклин Кейкодан (АҚШ).басым түскен еді.

Енді шешуші матчта олар АҚШ өкілдері Саванна Броадус және Ванесса Онгпен ойнайды.

Айта кетсек, Данилина жекелей сында да жартылай финалға шыққан болатын.
Басты сөздер: АҚШ, Спорт,
Жоғары қарай