Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты

2021 жылдың 26 мамыр 2021 23:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Тимофей Скатов Португалиядағы Оэйраш челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 441-орында тұрған 20 жастағы теннисші екінші айналымда әлемнің 316-ракеткасы, португалиялық Гонсалу Оливейрамен кездесті.

Т.Скатов 1 сағат 16 минутқа созылған матчта 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Т.Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 363-ракеткасы, испаниялық Николас Санче-Искердомен таласады.

Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов чехиялық Роман Жебавымен бірге жұптық сында Парма (Италия) ATP турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстандық-чехиялық жұп испаниялықтар Давид Морреро - Давид Вега-Эрнандесті 6:7 (3:7), 6:2, 10:6 есебімен тізе бүктірді. Енді олар ширек финалда осы доданың 1-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле - Йоран Флигенмен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Португалиядағы турнирді сәтті бастағанын, Юлия Путинцеваның Страсбург жарысының ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай