Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық теннисші жұптық сында Лион турнирінің ширек финалына шықты

2021 жылдың 18 мамыр 2021 22:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сында Лион ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, А.Недовесов италиялық Андреа Вавассоримен бірге ұлыбританиялықтар Нил мен Кен Скупскимен кездесті.

Қазақстандық-италиялық жұп 1 сағат 23 минутқа созылған матчта 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Олар бір эйс жасап, 10 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.

Александр мен Андреа жартылай финалға шығу үшін осы доданың 1-ракеткалары, франциялықтар Пьер-Юг Эрбер - Николя Маюмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Сербия ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай