Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіде жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, еліміздің ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик 33-тен 32-сатыға көтерілді.
Тимофей Скатов пен Бейбіт Жукаев өздерінің жеке рекордтарын жасады. Т.Скатов бірден 28 сатыны артқа тастады, қазір ол 193-орында. Б.Жукаев 597-ден 500-ге секірді.
Михаил Кукушкин 158-орында қалса, Дмитрий Попко 175-інші, Денис Евсеев 338-інші, Григорий Ломакин 805-сатыда тұр.
Жұптық сында Андрей Голубев үздік 25-ке қайта оралды, Александр Недовесов 65-тен 63-ке ауысты.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің ширек финалына дейін жетуі арқасында 20-дан 18-орынға көтерілді.
Юлия Путинцева 47-інші, Зарина Дияс 112-орнында қалды. Жібек Құламбаева 499-дан 491-ге жоғарылады.
Жұптық сында Анна Данилина 22-орнын сақтап қалды.
Қазақстандық теннисшілер осы аптадағы жарыстарда табысты өнер көрсетсе, рейтингісін жақсарта түсетіні анық.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубевтің Индиан-Уэллс мастерс турнирінің финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.