Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық «Томирис» фильмі Минск кинофестивалінде көрсетіледі

2021 жылдың 21 қараша 2021 02:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Томирис» фильмі 27-ші «Лістапад» кинофестивалінде көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы таратқан мәліметке сенсек, бүгін халықаралық Минск кинофестивалінің ашылу салтанаты өтеді.

«Лістапад» - Беларусьтегі кино саласының ең ірі фестивальдерінің бірі. Биыл фестиваль 26 қарашаға дейін жалғасады.

«Лістапад» фестивалінің конкурстық бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады: көркем фильмдер, деректі фильмдер, ұлттық байқау және «Лістападзік» балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арналған фильмдер байқауы.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін түрік телеарнасы «Томирис» фильмінің желісімен сериал түсіретінін жазған болатынбыз.

Қазақстан мен Түркия «Қазақфильм» киностудиясы Sataifilm компаниясымен бірлесіп түсірген, режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінің негізінде бірлескен тарихи сериал шығарады.

Жобаны Түркияның жетекші телеарнасы TRT телерадиокорпорациясы жүзеге асырмақ.


Жоғары қарай