Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық вакцина өндірісі қашан басталады – министрлік жауабы

2021 жылдың 21 сәуір 2021 18:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы отандық QazVak вакцинасы өндірісінің басталатын уақыты белгілі болды. Оны ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қалалық департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбеков жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық вакцина өндірісі Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтында жүргізілетін болады және сәуір айының соңында вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі деп күтіледі. Одан кейін ғылыми-зерттеу институтының мүмкіншілігіне қарай кестеге, өндірістік қуатына байланысты болады. Бұған қоса, қазіргі уақытта қосымша өндіріс бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр. Түркияның Atabay компаниямен QazVak вакцинасын шығару мүмкіншілігіне қатысты уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл процедура әлі аяқталған жоқ», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта түркиялық компаниямен келіссөз жүргізілуде.

«Түркиядағы өндіріс ошағына субстанцияны беру және вакцинаның қажетті көлемін шығару бойынша технологиялық мәселелер зерделеніп жатыр. Бүгінде 100 пайыз келісім жоқ, мәселе пысықталу үстінде. Егжей-тегжейлі ақпаратты өкілетті органнан алу қажет», - деді Нұрлыбек Асылбеков.


Жоғары қарай