Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық жас теннисшілер Украинада өткен жарыста чемпион атанды

2021 жылдың 11 қыркүйек 2021 23:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас теннисшілер Львов қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Galychyna Cup халықаралық турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Асылжан Арыстанбекова жекелей сында үздік шықты.

Ол финалда отандасы Айя Нұпбайды 7:6 (7:5), 6:2 есебімен ұтты.




А.Нұпбай есесіне жұптық сында Жанель Оспановамен бірге соңғы бәсекеде Асылжан және Әдемі Аманкелдіні 6:2, 6:3 есебімен жеңді.




Сондай-ақ қазақстандықтар Жақас Қозбақ пен Виталий Зацепин финалда ғана украиналықтар Виталий Хоровой мен Глеб Коваленкоға есе жіберді - 6:3, 0:6, 4:10.





Тағы бір қазақстандық, 13 жасар Әмір Омарханов Бакуде 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors жарысында финалист атанды. Соңғы сында ол әзербайжандық Тамерлан Азизовтан ұтылды - 3:6, 2:6. Бұл оның осы санаттағы алғашқы финалы еді.




Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Францияда өткен турнирдің жеңімпазы атанғанын, Тимофей Скатовтың Киев жарысының финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Ал Александр Недовесов Киевте жеңімпаз атанды.



Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай