Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Қазақстандық жауынгерлер Еуропаның ең биік шыңын бағындырмақ

2019 жылдың 21 шілде 2019 17:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің командасы Кабардин-Балкария мемлекетінде өтетін Халықаралық Армия ойындары аясындағы «Эльбрус сақинасы» байқауына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қорғаныс министрлігіне қарасты Орталық спорт клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Халықаралық байқау 29 шілде мен 16 тамыз аралығында өтеді. Жеке құрам толық дайындықтан өтті. Яғни әскери қызметкерлердің жеке даярлығын жетілдіру және бөлімшелерді реттеу, жеке құрамды бейімдеу, қозғалыс бағытын үйрену, сондай-ақ, тауда құтқаруды ұйымдастыруды пысықтау бойынша практикалық сабақтар өткізілді. Барынша күш салып, үздік нәтиже көрсетуге тырысамыз», - деді ҚР ҚМ АОСК Тау дайындығы орталығы әскери дайындық бөлімінің бастығы, команда капитаны, майор Аманжол Рахметов.




Биыл Халықаралық Армия ойындары Әзербайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан аумағында ұйымдастырылады. Байқауға 34 елден 216 команда қатысады деп күтілуде.











Жоғары қарай