Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандықтар 10 маусымда Күннің тұтылу құбылысын көре алады

2021 жылдың 31 мамыр 2021 21:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 10 маусымда Күн тұтылады деген болжануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандардың есебінше, биыл екі рет ай, екі рет күн тұтылуы ықтимал. 10 маусымда ай күннің бетін көлегейлеп, соның әсерінен Күн тұтылмақ. Табиғи құбылыстың ең қанық көрінісі Солтүстік Америкада, Солтүстік Мұзды мұхитта және Ресейдің солтүстік-шығыс бөлігінде, Чукоткада байқалуы мүмкін.

Қазақстан аумағында тұтылудың тек жекелеген фазалары ғана көрінуы мүмкін. Тіпті күнді арнайы бақыламаса, оның бетіндегі құбылысты аңғармай қалуға да болады. Мамандардың айтуынша, қазақстандықтар бұл сәтті 10 маусым күні түстен кейін көруі мүмкін.

Бізден бөлек Ресей, Украина, Беларусь, Балтық елдері, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан тұрғындары да осындай сәтке куә бола алады. Ал Якутияның солтүстік-шығысында Ай Күннің бетін 94 пайызға дейін жабуы ықтимал.

Жылдың екінші Күн тұтылу құбылысы 4 желтоқсанға дөп келеді. Бірақ оны тек Антарктида мен оның айналасынан ғана көруге болады.


Авторы: Сара Қабиқызы


Перевод Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Ғарыш,
Жоғары қарай