Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстандықтар 6 айда 313,4 млрд теңгеге 35 мың жаңа жеңіл көлік сатып алды

2020 жылдың 13 шілде 2020 16:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың І жартыжылдығында қазақстандықтар 313,4 млрд теңгеге 35 мыңнан астам жаңа жеңіл көлік сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының мәліметінше, 6 айдың ішінде ресми диллерлер 35 086 көлік сатқан. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13,8 пайызға жоғары. Есепті кезең ішінде қазақстандықтар 313,4 млрд теңгені жаңа көлік сатып алуға жұмсаған. Бұл 2019 жылдың 6 айындағы көрсеткіштен 8,1 пайызға артық.

Осы жылдың тек маусым айында ғана 83,4 млрд теңгеге 9 677 жаңа көлік сатылды. Осылайша өткен айда мамырмен салыстырғанда көлік нарығындағы сауда 35,8 пайызға ұлғайған. Қазақстандықтар 6 айда еліміздің автозауыттарында құрастырылған 24 314 көлікті сатып алды. Ал сатылған 10 772 автомобиль импорт еншісінде.

2020 жылдың 6 айында ел азаматтары арасында зор сұранысқа ие болған көліктердің қатарында Lada (7957), Hyundai (6792), Toyota (4731), Ravon (4195) және KIA (3080) автомобилі бар. Сонымен қатар сұранысы ТОР-10 маркаға Renault (1278), GAZ (1143), Nissan (937), Volkswagen (883) және UAZ (843) көлігі кіріп отыр.

Көлік сатып алуда Алматы қаласының тұрғындары белсенді. Олар 6 айда 8 578, нұрсұлтандықтар 5 912, шымкенттіктер 3 414, қостанайлықтар 2 318, қарағандылықтар 2 162, атыраулықтар 1 751, өскемендіктер 1 667, оралдықтар 1 550, палодарлықтар 1 501 және ақтаулықтар 1 340 автомобиль сатып алған.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Көлік, Экономика, Қоғам,
Жоғары қарай