Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандықтар 9 трлн теңгенің депозитін шетел валютасында ұстап отыр

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 20:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы резиденттер депозиттік ұйымдарда 27,1 трлн теңгенің активін ұстап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша желтоқсан айында, депозиттік ұйымдарда ұсталатын ақшаның көлемі 5,1% ұлғайып, 27 трлн 101,6 млрд теңгеге жеткен. Яғни, жылдық өсім 22,7% деген сөз. Оның ішінде, заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 трлн 836,6 млрд теңгеге дейін немесе 5,9% артса, жеке тұлғалардың депозиттері 13 трлн 264,9 млрд теңгеге дейін немесе 4,2% өскен.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 17 трлн 337,5 млрд теңгеге дейін немесе 7,1% ұлғайса, шетел валютасында 9 трлн 764,1 млрд теңгеге дейін немесе 1,7% көбейген. Демек, депозиттердің 36,0%-ы доллармен сақталып отыр. 2020 жылғы желтоқсанда оның мөлшері 37,3% болған .

«Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы желтоқсанда 8 трлн 629,3 млрд теңгеге дейін немесе 7,3% артты. Шетел валютасында – 5 207,3 млрд теңгеге дейін немесе 3,6% ұлғайды. Бұл – заңды тұлғаларға тиесілі депозиттердің 37,6%-ы», - деп жазады Ұлттық банктің ресми сайты.

Ал жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 трлн 708,2 млрд теңге болса, (6,8% ұлғайды), шетел валютасында 4 трлн 556,7 млрд теңгеге (0,4%) азайды.

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,2% ұлғайып, 17 трлн 896,2 млрд теңге болған. Оның ішінде ұлттық валютадағы салымдар 11 трлн 547,2 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 6 349,0 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттеріне орташа сыйақы мөлшерлемесі 7,3% (2020 жылғы желтоқсанда да – 7,3%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 7,8% (9,2%) болған.


Жоғары қарай