Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандықтар қандай елдерге ұшып бара алады

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 12:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстанда 16 елмен халықаралық әуе қатынасы жаңарту және ұлғайтуға рұқсат етілді. Мұндай шешімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап өткенде, Қазақстанның Ресей Федерациясымен әуе қатынасы 54 рейске, Түркиямен – 7 рейске, Біріккен Араб Әмірліктерімен – 9 рейске, Өзбекстанмен – 5 рейске, Германиямен – 5 рейске, Мальдивпен – 3 рейске, Кореямен – 6 рейске, Польшамен – 2 рейске, Венгриямен – 1 рейске, Сауд Арабиясымен – 1 рейске ұлғайтылды.

Қазақстаннан Чехия еліне тұрақты рейстер аптасына екі рейс жиілікпен ұшады, Қытайға – аптасына сегіз рейс, Әзербайжанға – аптасына үш рет ұшады. Қазақстаннан Италияға аптасына екі рет, Шри-Ланкаға – аптасына үш рет, Кувейтке – аптасына үш рет ұшатын тұрақты рейстер ашылды.Қазіргі кезде әуе компаниялар ұшу кестесін құрып жатыр.
Рейстердің орындалуы жоғарыда аталған елдердің тиісті өкілетті органдарымен келісіледі.
Барлық рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуымен және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.


Жоғары қарай