Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандықтар кез келген ауруханада тегін медициналық қызмет ала ала ма

2021 жылдың 30 мамыр 2021 13:58

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚеАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Ләззат Шоманова «Кез келген ауруханада медициналық көмекті тіркеусіз тегін алуға бола ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер сіз қандай да бір жекеменшік ауруханада тіркелген болсаңыз, сіз тіркелмеген басқа ауруханалар сізге қызмет көрсетуге міндетті емес. Себебі тіркеу жеке меншік және мемлекеттік ауруханаларға бірдей жүреді. Егер сізді жекеменшік аурухана тіркеген болса, онда сіздің ақшаңыз жүреді», - деп жауап берді ол.

Сонымен қатар Ләззат Шоманова ауруханаңызда кейбір медициналық көмек түрлері болмаса, не істеу керектігі жөніндегі сұраққа жауап қайтарды.

«Мұндай жағдайда сіз шағымдана аласыз. Бұл позиция жарамсыз. Сіз өзіңіздің медициналық көмекті толық көлемде алу құқығыңызды білуіңіз керек. Егер сіз осы ауруханаға тіркелген болсаңыз және жарна төлеп отырсаңыз, ТМККК қаражатынан басқа сізге консультациялық-диагностикалық қызметтер, қажеттілік туындаса, барлық станционарлық қызметтер мен жоғары технологиялық медициналық көмек түрінде Медициналық сақтандыру қорының қаражаты қарастырылған», - деді ол.

Оның айтуынша, адамды өзіне тіркеген аурухана оған толығымен жауап беруі керек. Сонымен қатар ол тіркелудің маңызына тоқталды.

Одан бөлек, Ләззат Шоманова басқа қалада ауырып қалсаңыз, не істеу керектігін айтты.

«Егер сіз басқа қалада ауырып қалсаңыз, және бұл шұғыл жағдай болса, сізге көмекті тегін көрсетеді. Егер бұл жоспарлы тексеріс болса, өз ауруханаңызға қаралғаныңыз жөн», - деп қосты спикер.


Басты сөздер: Медицина, Алматы,
Жоғары қарай