Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандықтар мереке күндері қай елдерге ұша алады

2021 жылдың 11 желтоқсан 2021 18:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстаннан халықаралық бағыттар бойынша аптасына 247 әуе рейсі қатынап тұр. Яғни, бір аптада 24 елге 68 маршрут бойынша ұшақ қатынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азаматтық авиация комитеті Қазақстаннан шетелге қатынайтын рейстердің тізімін жариялады.

Түркияға 39 рейс:

Нұр-Сұлтан – Ыстанбұл, Алматы – Ыстанбұл, Шымкент – Ыстанбұл, Нұр-Сұлтан – Анталия, Алматы – Анталия, Ақтау – Ыстанбұл, Ақтөбе – Ыстамбұл, Түркістан – Ыстанбұл.

Біріккен Араб Әмірліктеріне 47 рейс:

Нұр-Сұлтан – Дубай, Алматы – Дубай, Нұр-Сұлтан – Абу-Даби, Алматы – Шаржа, Нұр-Сұлтан – Шаржа, Алматы – Абу-Даби, Шымкент – Дубай, Ақтау – Дубай.

Ресейге 42 рейс:

Нұр-Сұлтан – Мәскеу, Нұр-Сұлтан – Санкт-Петербург, Нұр-Cұлтан – Омбы/Новосибирск/Калининград, Алматы – Мәскеу/Калининград, Ақтау – Мәскеу/Грозный, Қарағанды – Мәскеу, Қостанай – Мәскеу және Шымкент – Мәскеу7

Өзбекстанға 32 рейс:

Нұр-Сұлтан – Ташкент, Алматы – Ташкент, Алматы – Самарқан, Ақтау – Үргеніш/Нөкіс, Ақтөбе – Нөкіс, Түркістан – Ташкент;

Грузияға 18 рейс:

Нұр-Сұлтан/Атырау/Ақтау – Кутаиси, Алматы/Ақтау – Тбилиси.

Қырғызстанға 11 рейс:

Алматы – Бішкек, Түркістан – Бішкек, Нұр-Сұлтан – Бішкек.

Беларуське 8 рейс:

Нұр-сұлтан – Минск, Алматы – Минск.

Украинаға 7 рейс:

Нұр-Сұлтан – -Киев, Алматы – Киев.

Германияға 9 рейс:

Нұр-Сұлтан – Франкфурт, Орал – Франкфурт, Атырау – Франкфурт, Алматы – Франкфурт.

Тәжікстанға 2 рейс:

Алматы – Душанбе.

Оңтүстік Кореяға 3 рейс:

Алматы – Сеул.

Нидерланд еліне 2 рейс:

Атырау – Амстердам.

Польшаға 2 рейс:

Нұр-Сұлтан – Варшава.

Арменияға 2 рейс:

Ақтау – Ереван.

Ұлыбританияға 1 рейс:

Нұр-Сұлтан – Лондон

Венгрияға 1 рейс:

Будапешт – Нұр-Сұлтан.

Мальдивке 4 рейс:

Алматы-Мале.

Таиландқа 2 рейс:

Алматы – Пхукет.

Әзербайжанға 3 рейс:

Алматы – Баку.

Катарға 2 рейс:

Алматы – Доха.

Сауд Арабиясына 3 рейс:

Алматы- – Джидда, Алматы – Медина, Шымкент – Медина.

Кувейтке 2 рейс:

Алматы – Эль-Кувейт.

Шри-Ланкаға 2 рейс:

Алматы-Коломбо.

Үндістанға 3 рейс:

Алматы – Дели.

Азаматтық авиация комитеті аталған рейстердің бәрі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиако бойынша орындалатынын ескертеді.


Жоғары қарай