Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Қазақстандықтар неліктен артық жұмыс істейді - статистика

2020 жылдың 13 ақпан 2020 10:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –2019 жылдың ІІІ тоқсанындағы жағдай бойынша, елімізде 8,8 млн адам жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика комитетіне сілтеме жасап.

«Жұмыс істеп жүргендердің жартысынан көбі (51,8 пайызы немесе 4,5 млн адам) ер адамдар болса, 48,2 пайызы немесе 4,2 млн адам әйелдер. Экономикадағы жұмыс істейтін азаматтардың 6,7 миллионы немесе 76,0 пайызы – жалданып еңбек ететіндер. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 2,1 млн (24,0 пайыз). Жалданып жұмыс істейтін респонденттердің 44,5 пайызы кәсіподақ мүшесі екенін, ал 79,7 пайызы еңбек заңнамасында қарастырылғандай жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығына ие екенін (жұмыстан шыққан жағдайда) айтқан», - деп хабарлайды ведомстводан.

Комитеттің мәліметінше, респонденттердің 19,7 пайызы аптасына 40 сағаттан артық уақыт жұмыс істейтінін (2018 жылы – 21,1 пайызы) жеткізген. Осы респонденттердің жартысынан көбі, яғни 66,9 пайызы жұмыс берушінің талабы бойынша, ал 18,9 пайызы табысын арттыру үшін, ал 7,9 пайызы өндірістік қажеттілікке байланысты осылай еңбек ететін айтып, жауап берген.

Жұмыспен қамтылған халықтың 480,1 мыңы (5,5 пайызы) кәсіби оқытудан өткен. Оның ішінде 384,5 мыңы (80,1 пайыз) жұмыс берушінің немесе басқа да ұйымдардың қаражаты есебінен осы оқытудан өткен.

Жұмыспен қамтылған респонденттердің 12,2 пайызы еңбектің жайсыз әрі қауіпті жағдайында (2018 жылы – 12,0 пайыз) еңбек ететін, ал олардың ішінде 12,3 пайызы қолайсыз температуралық жағдайда, 9,4 пайызы қауіпті механизммен, 18,9 пайызы жүйке жүйесіне артық жүктеме түсетінін, 17,6 пайызы көшеде жұмыс істейтінін, 24,1 пайызы ауыр физикалық жұмысты атқаратынын айтқан.

Жұмыспен қамтылғандардың жартысына жуығы (49,8 пайызы) жұмысқа қоғамдық көлікпен, 19,3 пайызы жаяу, 21,2 пайызы жеке көлікпен жететінін жеткізген.

Жұмыс істейтін әйелдерідң 15,3 пайызы (2018 жылы – 13,2 пайызы) еңбек жағдайы мен үйдегі міндеттемелерді үйлестіру қиынға түсіп жүргенін жазған.


Жоғары қарай