Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандықтар полицияға өз еріктерімен 53 мың қару-жарақ тапсырды

2021 жылдың 14 маусым 2021 13:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2008 жылдан бері қару-жарақтарды өз еріктерімен полицияға өткізген ел тұрғындарына 1,7 млрд теңге сыйақы берілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Асылбек Ыдырысов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2008 жылдан бастап тұрғындардың заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын сатып алу акциясы жүргізіліп келеді. Осындай акциялардың нәтижесінде халық ақшалай сыйақыға өз еріктерімен 53 мыңнан астам атыс қаруы және иір ойықты мылтыққа арналған 2 млн данадан астам оқ тапсырды. Оған жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге жұмсалды», - деді.

Оның атап өтуінше, биыл да дәл осындай акция 20 сәуірде басталды. Акция аясында мемлекет ел тұрғындарынан заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алу үшін 95 млн теңгеден астам қаражат бөлді.

«Азаматтар полиция органдарына өз еріктерімен 1 381 атыс қаруын, иір ойықты мылтыққа арналған 57 292 оқ, сонымен қатар 11 жарылғыш құрылғы және 15 келі жарылғыз зат тапсырды. Олардың жалпы құны 91 млн 467 мың теңгені құрайды»,- деді бөлім бастығы.

Асылбек Ыдырысовтың атап өтуінше, азаматтар өткізген қару-жараққа төленетін сома 30 мыңнан 300 мың теңгеге дейін болады.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Заң, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай