Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандықтар психотерапиялық көмекті онлайн ала алады

2020 жылдың 29 қазан 2020 09:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы ЮНИСЕФ балалар қорымен бірлесіп, коронавирус пандемиясы кезінде халықтың барлық тобына психологиялық және психотерапиялық қашықтан көмек көрсету үшін сайт құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Ақпарат-қа сілтеме жасап.

Сайт екі үлкен бөлімнен тұрады. Біріншісі – білім беру бөлімі, мұнда сіз психикалық денсаулық туралы және пандемия кезіндегі күйзелісті қалай еңсеруге болатынын біле аласыз. Бүгінгі күні 40 мыңнан астам адам осы сайтқа кіріп, 100 мыңнан астам тиісті сессия өткізді.

«Екіншісі – тікелей жеке көмек. Ол екі бөлімнен тұрады. Сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды жібере аласыз және жазбаша түрде жауап аласыз, сонымен қатар онлайн кеңес бар. Бүгінгі күні онлайн консультацияны 350-ден астам адам пайдаланды. Сіз сайттың өзі арқылы жазыла аласыз, телефон нөміріңізді қалдыра аласыз, анықтама қызметі, байланыс орталығы және электрондық пошта мекенжайы бойынша кеңес алуға болады, ол құпия болып қалады», - деді ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының» ШЖҚ РМК бас директоры Николай Негай.


Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай