Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандықтар шетелге рұқсатсыз шыға ала ма - ҰҚК жауап берді

2021 жылдың 26 мамыр 2021 20:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының азаматтарына шет мемлекетке шығу заңдылығы түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының шекарасынан өту туралы ережеге сәйкес, біздің елдің азаматтары 1 айда (30 күннің ішінде) 1 рет өзінің елден шығу себебін түсіндіріп, дәлелдемей-ақ басқа елге бара алады. Егер азамат аталған уақыт ішінде елден 1 рет шығып келіп, қайта шетелге аттанғысы келсе, онда сырт мемлекетке бару себебін түсіндіруі тиіс. Дегенмен кей азаматтарға 30 күнді күтпей-ақ шетелге баруға рұқсат беріледі. Атап айтқанда, азамат шетелде оқыған жағдайда, форс-мажор болғанда яғни отбасы мүшелері немесе жақындары ауырып қалса немесе қаза тапқанда, ем алу мақсатында (ем алуға бара жатқанын дәлелдейтін тиісті құжаттары болуы тиіс), сол сияқты шет мемлекетте тұрақты мекенжайы болған жағдайда рұқсат беріледі», - деді ҚР ҰҚК шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұңдаш Моллашев.

Оның айтуынша, қазақстандықтар шетелге шығу үшін шекаралық қызметтің 3 түрін қолдана алады. Ол - әуе, автокөлік және теңіз қатынасы.

Бұған дейін ҰҚК шекара қызметінің өкілі ел азаматтары үшін 15 мемлекетпен әуе қатынасының қайта жолға қойылғанын мәлімдеген болатын.


Жоғары қарай